Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді

Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді

Қазақ күресі Азия ойындарының бағдарламасына енді
ашық дереккөзі
383
Қазақ күресі биыл Ашхабадта өтетін Азия ойындарының бағдарламасына енгізілді. Бұл туралы блогер Ғалым Байтүк Facebook-тегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Baq.kz. «Сүйінші, достар! Біздің ұлттық күресіміз – қазақ күресі Ашхабадта биыл өтетін Азия ойындарының бағдарламасына алғаш рет енді! Танымал 22 спорт түрімен қатар 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде қазақ күресінен белдесулер болады. Ол үшін 2004 жылдан бастап бүгінге дейін Серік Түкиев бастаған Бүкіләлемдік Қазақ күресі федерациясы қыруар жұмыс атқарды», – деп жазды Ғалым Байтүк. Оның айтуынша, 12 жылдың ішінде 50-ге тарта елден спортшылар қатысқан 6 әлем чемпионаты, 11 Азия чемпионаты, 3 әлем кубогы, 3 Еуропа мен Африка чемпионаты өткізілді. «2015 жылы Қазақ күресі UWW (United World Wrestling – Біріккен әлемдік күрес одағы) құрамына кіре отырып, ерекше мәртебе алды. 19 қаңтар күні UWW президенті Ненад Лалович пен Азия Олимпиада кеңесінің президенті Шейх Ахмед Әл-Фахад Әл-Ахмет Әл Сабах арасында 70 келі, 90 келі, +90 келі салмақ дәрежелерінде Қазақ күресін 2017 жылы Азия ойындарының бағдарламасына енгізу туралы келісімге қол қойылды», – деп толықтырды блогер.

Серіктес жаңалықтары