Air Arabia қазақстандықтарға өтемақы төлеуге дайын

Air Arabia қазақстандықтарға өтемақы төлеуге дайын

Air Arabia қазақстандықтарға өтемақы төлеуге дайын
ашық дереккөзі
280
Елордада ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғалидің төрағалымен қазақстандық туристік операторлардың Air Arabia (БАӘ) әуе компаниясының өкілдерімен кездесуі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кездесуге әуе компаниясының Еуропа және ТМД жөніндегі өңірлік бас директоры Р.Баратан, әуе компаниясы коммерциялық блогының жетекшісі Паул Симмонс, ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің, Азаматтық авиация комитетінің, Заңгерлік департаментінің өкілдері, сонымен қатар қазақстандық «Kazunion», KOMPAS, «Бархатный сезон», «Интурист», "Евразия Экспресс" туристік операторларының өкілдері қатысты. Тараптар 2016 жылдың соңы мен 2017 жылдың басында қазақстандық туристердің Шарджа әуежайынан ұша алмай қалу проблемасын талқылады. Араб әуе компаниясының өкілдері аура райының қолайсыздығы (қалың тұман) салдарынан 17 мыңнан астам жолаушы дер уақытында ұша алмай қалғанын айтты. Air Arabia өкілдері Шарджа әуежайының 2 санатты жарық дабыл құрылғысы 3 санатты жабдыққа ауыстырылатындығын атап өтті. Сонымен қатар олар қазақстандық жолаушылардың авиабилет құнын өтеу бағытында жұмыс жүргізуге дайын екендіктерін білдірді. ҚР ИДМ Туризм индустриясы департаментінің директоры Марат Иғали бұл мәселенің осы жылдың қаңтар айының ортасында Әбу-Дабиде өткен қазақстандық-араб үкіметаралық комиссиясының 6-шы отырысы аясында, жоғары деңгейде қарастырылғанын атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары