Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасы құрылады

Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасы құрылады

Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасы құрылады
ашық дереккөзі
218
Қазақстанда жеке сот сарапшыларының палатасы құрылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатының Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары жөніндегі комитеттің кеңейтілген отырысында «Сот-сараптама қызметі туралы» заң жобасын қарау барысында ҚР Әділет министрлігі сот сараптамасы орталығының директоры Исидор Борчашвили айтты. «Біз бұл заң жобасында жеке сот сарапшылары қызметінің дамуына үлкен көңіл бөлдік. Жеке сот сарапшыларының палатасының құрылуын ескердік. Бұл бәсекелестік тұрғыда оң әсерін береді, ертең мүдделі тарап немесе белгілі бір орган сараптаманы Сот сараптамасы орталығында ғана емес, жеке лицензиясы бар тәуелсіз сарапшыға жүгіну құқығына ие болғаны дұрыс», — деп атап өтті ол. Сот сараптамасы орталығының басшысы, заң жобасында жеке сот сарапшыларының құзыреті мен міндеттері нақты белгіленгендігін айтуда. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету сапасын жақсарту үшін жасалып отыр. «Бүгінде сараптама жүргізуге 402 адам лицензия алған. Ал шын мәнінде сот сараптамасын 132 жеке сарапшы жасай келеді. Меніңше, жаңа нормалар біздің отандық сарапшылық қызметті одан да биік деңгейге көтереді», — деді Исидор Борчашвили. Оның айтуынша, Қазақстанда, сонымен қатар, 714 сарапшы-медик бар. «Бұлар сот-медициналық сарапшылар, наркологтар мен псиxиатрлар. Сот сараптамасы орталығында 609 қызметкер бар, ал сарапшылық қызметті 570 адам атқарады», — деп түйді ойын Исидор Борчашвили.

Серіктес жаңалықтары