Қазақстан хоккейшілері АҚШ құрамасынан жеңіліп қалды

Қазақстан хоккейшілері АҚШ құрамасынан жеңіліп қалды
2023 жылғы Қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы бесінші ойынын АҚШ-қа қарсы өткізді, деп хабарлады turkystan.kz.
Төрт турдан кейін қазақстандық хоккейшілер турнир кестесінде көш басында тұрған еді. Ал американдық құрама үшінші турда Словакия хоккейшілеріне 2:5 есебімен есе жіберді. Осыған байланысты олар жарыстың плей-офф сатысына шығу үшін ойынның негізгі кезеңінде жеңіске жетуі тиіс болды.
Кездесу барысында американдық Ханьюолл Мэттью 1-минутта есеп ашқан еді. Оған 4-минутта қазақстандық Батырлан Мұратов бір голмен жауап қайырды.
Одан кейін американдық хоккейшілер қатарынан үш шайба соғып кетті.
Осылайша Қазақстан құрамасы қарсыласына 1:4 есебімен есе жіберді.