Хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді

/
Хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді
ашық дереккөзі
Хоккей: Қазақстан Оңтүстік Кореяны ірі есеппен жеңді 2023 жылғы қысқы Универсиадада шайбалы хоккейден Қазақстан студенттер құрамасы алғашқы ойынын Оңтүстік Кореяға қарсы өткізді деп хабарлады  turkystan.kz. Доданың алғашқы күнінде қандастарымыз қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті. Енді, қазақстандық хоккейшілер В тобында Венгрия, Ұлыбритания, Словакия және АҚШ-пен сынға түседі. Еске сала кетейік, Қазақстан студенттер құрамасы дүбірлі додаға тоғыз мәрте қатысты. 1995 жылы Испанияның Хака қаласында чемпиондық тұғырға көтерілсе, 1993, 2013, 2015, 2017 жылдарда күміс, 2007 жылы қола медаль иегері атанған еді.  
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары