50325
Головкиннің келесі қарсыласы кім?
Головкиннің келесі қарсыласы кім?

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкинге (42-2-1, 37 КО) Халықаралық бокс федерациясы (IBF) 14 ақпанға дейін уақыт берді. Ол осы уақыт аралығында жекпе-жек өткізуі тиіс. Әйтпесе, GGG чемпиондық белбеуінен айырылады. Маңызды айқас алдында отандасымызға қарсылас болуы мүмкін боксшылар белгілі болды, - деп хабарлады turkystan.kz.
IBF рейтингінде екінші орында тұрған, WBA Oceania құрлықаралық белбеуінің иесі, аустралиялық Майкл Зерафа (30-4, 19 КО) қазақстандық боксшымен шаршы алаңда кездесуге дайын екенін жеткізді.
Ол GGG-дың алдында үш таңдау тұрғанын айтты. Біріншісі, WBA тұрақты чемпионы, кубалық Эрисланди Ларамен кездесу. Екіншісі, Фалькаомен IBF титулын қорғау. Үшінші әрі ең тиімді нұсқа – Зерафамен WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы атағы үшін жекпе-жек өткізу.
Еске сала кетейік, Геннадий Головкин кейінгі кездесуін мексикалық боксшы Сауль Альвареске қарсы өткізіп, есе жіберген болатын.