Алматы тауларының 165 учаскесінде қар көшкіні түсу қаупі бар

Алматы тауларының 165 учаскесінде қар көшкіні түсу қаупі бар

Алматы тауларының 165 учаскесінде қар көшкіні түсу қаупі бар
ашық дереккөзі
50576
Алматы тауларының 165 учаскесінде қар көшкіні түсу қаупі бар. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz. Департамент таратқан мәліметке сәйкес, Алматы тауларының 165 учаскесінде қар көшкіні түсу қаупі бар, оның ішінде қала тұрғындары мен туристер үшін ең үлкен қауіп төндіретіні - «Медеу», «Шымбұлақ» ТШК және Үлкен Алматы көлі ауданында орналасқан 18 учаске. «Таулы аудандарда жауын-шашынның түсуі және қар жамылғысының тұрақсыз жағдайы салдарынан қар көшкіні өздігінен түсуі ықтимал. Осыған байланысты қар жатқан тік беткейлерге шығуға тыйым салынады», - деп атап өтті ведомстводан. Бүгін қалада қар көшкінін профилактикалық түсіру жұмыстары жүргізілді. «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты аумағы мен Талғар асуы маңында демалушылар мен туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Қазгидромет» РМК ұсынымдары негізінде 10 қаңтар күні қар түсіру жұмыстары жүргізілді», - деп хабарлады Алматы қалалық ТЖД баспасөз қызметінен. Жасанды көшкін кезінде көлемі 900 текше метр қар массасы тау етегіне түсті.

Серіктес жаңалықтары