Қылмыс жасаған жасөспірімдер тәрбиелік жұмыстарға мәжбүрлі тартылмақ

/
Қылмыс жасаған жасөспірімдер тәрбиелік жұмыстарға мәжбүрлі тартылмақ
ашық дереккөзі
Қылмыс жасаған жасөспірімдер тәрбиелік жұмыстарға мәжбүрлі тартылмақ Қылмыстық іс үшін кінәлі деп танылған кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлі түрде тәрбиелік ықпал ету шаралары қолданылады. Бұл туралы ашық талқыға шығарылған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық-атқару кодекстерін оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасында жазылған, деп хабарлады turkystan.kz. Жаңа редакцияға сәйкес, қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылған адамға сотпен келесі қылмыстық-құқық әсер ету шаралары қолдануы мүмкін: - мүлкін тәркілеу; - арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру; - белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру; - Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыру; - шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге шығарып жiберу; - кәмелетке толмаған адамға тәрбиелік ықпал етудің мәжбүрлеу шарасы; - медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары. Бұған дейін сот үкімімен кәмелетке толмаған адамға мәжбүрлі түрде тәрбиелік ықпал ету және медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылмайтын.    
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары