50242
«Барыс» «Адмиралдан» басым түсті
«Барыс» «Адмиралдан» басым түсті

«Барыс» Құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті ойынын бүгін Ресейде «Адмирал» (Владивосток) командасына қарсы өткізді деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Кездесу барысында ресейлік клуб сапынан Валерий Орехов 6-минутта есеп ашты. Одан кейін «Барыс» хоккейшісі Алекс Грант 12, 22, 23, 38-минуттарда қатарынан төрт шайба соқты. Елордалық тағы бір хоккейші Егор Петухов 44-минутта қорытынды есепті белгіледі. Осылайша, «Барыс» қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.
Екі команда бұған дейін 29 мәрте кездесті. Оның 16-сы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клубтың мерейі үстем болды.
Енді елордалық клуб аталған қарсыласымен 9 қаңтарда тағы бір мәрте кездеседі.