50495
Боран салдарынан автобус жолаушылары жолда қалған
Боран салдарынан автобус жолаушылары жолда қалған

Ақтөбеде боранды күні Самара - Шымкент тас жолында жолаушылар жолда қалған. Алайда, автобустарға көмек дер кезінде келген деп хабарлады turkystan.kz.
Көлік ішінде 35 жолаушы болған. Жолда қалған адамдарға аудандық құтқарушылар келіп, Қарабұтақ ауылдық мешітіне жеткізілді. Жолаушыларға ыстық тағам таратылды. Абырой болғанда, зардап шеккендер жоқ.