50318
Көлік апатынан 17 адам мерт болды
Көлік апатынан 17 адам мерт болды

Қытайдың Цзянси провинциясында болған көлік апаты салдарынан 17 адам қаза тапты. Бұл туралы жексенбі күні China Central Television мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Апат салдарынан 17 адам мерт болды. Одан бөлек, 22 жолаушы жарақат алған. Зардап шеккендер медициналық мекемелерге жіберілді. Оқиғаның себептері анықталуда. Апаттың жай-жапсары айтылмаған.