50249
Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды
Қызылордада екі күн бұрын жоғалған ер адам табылды

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында екі күн бұрын жоғалған 61 жастағы ер азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды, деп хабарлады turkystan.kz. ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Биылғы 5 қаңтарда сағат 17:30 шамасында Жаңақорған кенті, З.Байзақов көшесі, №42 үйде тұратын 61 жастағы Данияр Якубов белгісіз бағытқа шығып, қайта оралмаған.
«Азаматты іздеп табу мақсатында аудандық полиция бөлімі қызметкерлері және еріктілерден топ құрылған. Жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде аталған азамат Шымкент қаласынан аман-есен табылды», - деп мәлімдеді Қызылорда облыстық Полиция департаменті.