Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды

Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды

Арқалықта 5-қабаттан құлаған тұрғын құтқарылды
ашық дереккөзі

Арқалықта 5-қабаттың балконынан құлаған қызды полицей құтқарды, - деп хабарлады turkystan.kz Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін таңғы сағат 05:30-да қаланың Жедел басқару орталығына куәгерлерден қала тұрғынының балконнан тайып кеткені, бірақ темірді ұстап үлгергені туралы хабар түскен. Оқиға орнына патрульдік полиция қызметкерлері Алмат Әмірхан мен Руслан Қапсаматов барған. Осылайша, Алмат Әмірхан далада қалып, ал әріптесі бесінші қабатқа көтерілген. Осы кезде ілініп тұрған қыз бесінші қабаттан құлап түскен. Төменде қалған полиция қызметкері оны қағып алған. Осының арқасында 29 жастағы қала тұрғыны зардап шеккен жоқ.