Қытайда карантин талаптары жеңілдетілді

Қытайда карантин талаптары жеңілдетілді

Қытайда карантин талаптары жеңілдетілді
ашық дереккөзі

Қытайда енді коронавирус инфекциясын жұқтырғандар үйден емделе алады. Сонымен қатар науқастардың медициналық мекеменің көмегіне жүгінуіне жағдай жасалған, деп хабарлады turkystan.kz. COVID-19-ға диагностика жасау және емдеу хаттамасының жаңартылған нұсқасына сілтеме жасаған «Синьхуа» агенттігінің хабарлауынша, Қытайда COVID-19-ға шалдыққандарды карантин орталықтарында оқшаулау алынып тасталды. Бұған дейін Қытай билігі коронавирусты мүлдем таратпау саясатын жүргізіп, ҚХР-дің барлық әкімшілік-аймақтық мекемелерінде коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдарға арнап карантин орталықтарын салды. Енді науқастарға ауруханадан шыққанда коронавирустың бар-жоғын анықтайтын ПТР-тесттің теріс нәтижесі қажет емес. COVID-19-ға диагностика жасау және емдеудің жаңа хаттамасында ауру бұрын «жаңа коронавирус пандемиясы» болса, енді «жаңа коронавирус инфекциясы» болып өзгерген. Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығының 2023 жылдың 6 қаңтарындағы дерегіне сәйкес, құрлықтық ҚХР-да өткен тәулікте 10,6 мың адам коронавирусқа шалдыққан. Airfinity британдық компаниясының зерттеуі бойынша, COVID-тен тәулігіне 9 мың адамға дейін қайтыс болған. Пандемия басталғалы Қытайда коронавирустан 5 267 адам қайтыс болды.