Қасқыр ату талаптарына өзгерістер енгізілді

Қасқыр ату талаптарына өзгерістер енгізілді

Қасқыр ату талаптарына өзгерістер енгізілді
ашық дереккөзі

Қазақстанда қасқырларды ату талаптарына өзгеріс енгізілді. Осыған қатысты тиісті бұйрық қабылданды, деп хабарлады turkystan.kz  Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетіне сілтеме жасап.

«Қазіргі таңда, қасқырларға реттеуді жүргізу, олардың саны туралы деректердің толық болмауына негізделуіне байланысты, экожүйеге нұқсан келтірілуде, сондай-ақ ауыл шаруашылығына нұқсан келу қаупі төмендеген жоқ. Қасқыр, басқа түрлер сияқты аңшылық объектісі болып табылады. Қасқыр санын аумақтық инспекциялар есептейді. Қасқырлардың үй жануарларына шабуы жағдайында аңшылық мерзімінен тыс реттеу мүмкіншілігін сақтай отырып лимит және квоталар бөлінуі тиіс. Осыған байланысты, қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру бойынша шешім қабылданды», - делінген комитет хабарламасында.
Қасқырды аңшылық түрлер санатына ауыстыру тиісті мемлекеттік мекемелермен келісіле отырып қабылданды.