Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі белгіленді

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі белгіленді

Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі белгіленді
ашық дереккөзі

Үкімет қаулысымен квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарына мониторинг жүргізу және бақылау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлады turkystan.kz.  Қаулыда «мемлекеттік борыш пен квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жиынтығында жалпы ішкі өнімге қатысты 53,2 %-дан, оның ішінде квазимемлекеттік сектор борышының жоғарғы шегі жалпы ішкі өнімге қатысты 21,2 %-дан аспауға тиіс. Борыштың жоғарғы шегін есептеуге мемлекет бақылайтын ұйымдардың өзара міндеттемелері және резидент емес бақыланатын ұйымдардың міндеттемелері енгізілмейді» делінген. Бұған дейін Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменов Қазақстанның мемлекеттік борышы көп емес екенін айтқан болатын.