Ақтөбеде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Ақтөбеде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды

Ақтөбеде бірнеше бағыттағы жолдар жабылды
ашық дереккөзі

Ақтөбе арқылы өтетін Самара-Шымкент және Ақтөбе-Орск бағытындағы тасжолдың бірнеше бөлігі жабылды, деп хабарлады turkystan.kz.  «Бүгін сағат 19:30-да боран күшейіп, облыстық маңызы бар «Ақтөбе-Родниковка-Мәртөк» тас жолының 42 шақырымынан 93 шақырымына дейінгі аралықта барлық автокөлік түріне қозғалыс тоқтатылды. Сонымен қатар сағат 20:30-да республикалық маңызы бар Ақтөбе-Орск тасжолының Шәмші Қалдаяқов ауылы мен Ресейдің Орск қаласына дейінгі аралығы жабылды. Одан бөлек «Самара-Шымкент» тасжолының Қобда ауданынан Ақтөбе қаласына дейін және Ақтөбе қаласынан Қарабұтақ ауылына дейінгі аралығы жабылды. Мұнда да боран соғып тұр. Жел күшейді. Жолдағы қозғалыс көрінбей, Дөң-Бадамша бағытына да шектеу қойылды», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі. Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтауға шақырады.