Елімізде жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі төмендеді

Елімізде жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі төмендеді

Елімізде жарнама саласында көрсетілген қызмет көлемі төмендеді
ашық дереккөзі

Былтырғы қаңтар-қыркүйек аралығында жарнама қызметі және нарық конъюнктурасын зерттеу саласындағы көрсетілген қызмет көлемі 228,7 млрд теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,4%-ға аз, деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Ұлттық статбюро мәліметінше, өңірлік бөліністе қызметтердің ең көп көлемі Алматыда көрсетілген. Мәселен, өткен жылдың 9 айында қалада 169,8 млрд теңгенің қызметі көрсетілді. Екінші орында Астана, онда 25,7 млрд теңгеге жарнама қызметі көрсетілді. Үшінші орында — Қарағанды облысы, мұнда қызметтің бұл түрі 12,8 млрд теңгеге көрсетілді. Өз кезегінде жарнама агенттіктері көрсеткен қызметтер көлемі 185 млрд теңгені, БАҚ-та жарнама орналастыру қызметінің көлемі 7,3 млрд теңгені құрады.