Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілген

Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілген

Шымкент тұрғындарына жер сілкінісі сезілген
ашық дереккөзі

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлады turkystan.kz Жер сілкінісі 5 қаңтар күні Астана уақытымен сағат 20:25 кезінде орын алған. Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 859 шақырым қашықтықта Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 14,4. MPV магнитудасы – 6,6. Тереңдігі – 200 км. МSК-64 бағаны бойынша Шымкент қаласында 2-3 балл шамасында сезілген. «Зардап шеккендер мен қираған ғимараттар туралы ақпарат тіркелмеді» деп мәлімдеді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің қоғаммен байланыс тобы.