Трамп БАҚ-қа сенбейді

Трамп БАҚ-қа сенбейді

Трамп БАҚ-қа сенбейді
ашық дереккөзі
144
18 қаңтарда Fox News-қа берген сұхбатында Трамп таңертең ресми мәлімдеме жасау үшін және жеке түсініктеме беру үшін Twitter-ді пайдалана беретінін, себебі БАҚ-қа сенбейтінін айтады.
АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп аудиторияға өзінің жеке көзқарасын білдіру үшін Twitter-ді пайдаланатыны шын мәнінде өзіне ұнамайды дейді. «Мен twit жасағанды жақсы көрмеймін. Менде мұнан басқа жұмыстар көп»,- дейді Twitter'де 20 миллионға жуық жазылушысы бар Трамп. Бірақ ол әділетсіз БАҚ-пен жұмыс істегісі келмейтінін айтады. Бұл менің оларға қарсы тұратын жалғыз мүмкіндігім дейді ол. Трамп сонымен бірге БАҚ-тың қарсылығынан кейін Ақ үйден пресс-корпусты ауыстыру туралы ойынан бас тартқанын да айтады. «Баспасөз жынданып кетті. Мен оларға бәрін араластырмаңдар деп айтамын. Бірақ БАҚ-тың кейбір өкілдері Ақ үйге кіре алмайтын болады», - деп мәлімдеді Трамп. «Ішкі кіруге ұмтылушылар өте көп. Бірақ біз Ақ үйге пресс-брифингке келушілерді таңдауымыз қажет», - деді АҚШ-тың сайланған президенті.

Серіктес жаңалықтары