Петр Порошенко Трамппен кездескісі келеді

Петр Порошенко Трамппен кездескісі келеді

Петр Порошенко Трамппен кездескісі келеді
ашық дереккөзі
195
Украина мемлекетінің басшысы Петр Порошенко ақпан айында АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамппен кездесуге ниетті екенін білдірді.
Бұл туралы Порошенко Давоста өткен Бүкіләлемдік экономикалық форум кезінде The Wall Street Journal-ға берген сұхбатында айтты, деп жазады РБК. Ол келесі айда Вашингтонға баруды жоспарлап отырғанын жеткізді. «Бұл (Трамппен кездесу) мен үшін үлкен ғанибет болар еді», - деді Украина президенті. Порошенко қараша айында Американың жаңа сайланған президентімен телефон арқылы тілдескенін еске салды және алдағы кездесу тиімді болмақ деп пікір білдірді. Оның айтуынша, Трамп әңгіме барысында Украинадағы оқиғаларға қатты қызығушылық білдірген, оның ішінде Донбасс пен Қырым мәселелері талқыланған. «Бізді АҚШ-тың екі партиясы да қолдап отыр, - деп атап өтті украиналық президент. - АҚШ-пен кооперацияның жалғасы өте тиімді боларына сенімдімін». Порошенко Ресейге қарсы санкцияның алынарына күмәнмен қарайтынын айтты, десе де батыс елдері шектеу шараларын азайтар болса, өздерінің қауіпсіздігіне қауіп төнетінін атап өтті. 

Серіктес жаңалықтары