199
«Астана-Защита» пойызына «Абай жолы» атауы берілді
«Астана-Защита» пойызына «Абай жолы» атауы берілді
«Астана-Защита» бағытымен қатынайтын жүрдек пойызға «Абай жолы» атауы берілді, — деп хабарлады «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.
Мұндай шешімге Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласы зиялы қауымы өкілдерінің ұсынысы негіз болғаны айтылады. «Биыл Мұхтар Әуезовтің дүниеге келгеніне 120 жыл толады. Бұл — ұлы жазушының әдеби мұрасын насихаттаудағы нақты қадам. Біздің ұсынысымызға қолдау білдірген ұлттық тасымалдаушы компания басшылығына алғыс айтамыз», — дейді Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік мұражай-қорының директоры Болат Жүнісбеков.
№67/68 «Астана-Защита» жүрдек жолаушылар пойызы отандық «Тұлпар-Тальго» вагондарымен жасақталған және күн сайын жүреді. Жолдағы уақыты — 16 сағат 30 минут.
Айта кетейік, қазіргі кезде республикалық және мемлекатаралық бағыттар бойынша «Алатау», «Акжайык», «Жетісу», «Сарайшық», «Ақсұңқар» атаулы пойыздар қатынайды.