Вирус жұқтырып, тұмауратқан балаға қалай көмектесу керек?

Вирус жұқтырып, тұмауратқан балаға қалай көмектесу керек?

Вирус жұқтырып, тұмауратқан балаға қалай көмектесу керек?
ашық дереккөзі
50260
Жыл сайын вирустық аурулар маусымында ересектермен қатар балалар да инфекция жұқтырады. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі кеңес айтты деп жазды turkystan.kz. ЖРВИ, КВИ, тұмау да жеңіл, орташа, ауыр дәрежеде болуы мүмкін. Аурудың жеңіл түрімен ауруханаға барудың қажеті жоқ, онда тоғыспалы инфекцияларды жұқтыру қаупі жоғары.
«Жұмыс күндері және демалыс күндері емханада сүзгі бөлмелері жұмыс істейді, онда сіз балаңызбен бірге дәрігерге қаралуға және аурудың ауырлығын және оған қандай медициналық көмек қажет болатынын біле аласыз. Аурудың жеңіл дәрежесі болса, температура парацетамол ішкен соң бірден төмендейді, жай-күйі нашарламай, тіпті жөтелсе де, мұрны ақса да, бала тамақ, су ішіп, еркін ұйықтайды, яғни аурудың белгілері оған қиындық әкелмейді», - дейді ведомстводан.
Температура мен катаральды құбылыстардың фонында аурудың орташа дәрежесінде бала қыңыр болып, тәбеті төмендейді. Мұндай балаларды ұдайы назарда ұстаған жөн, егер жай-күйі жақсармаса, дәрігерге қоңырау шалу керек. Егер балада ауру белгілерінің кем дегенде біреуі болса, жедел жәрдем шақыру керек. Олар: тұрақты дене қызуы, тамақ, су ішпеу, ентігу, мазасыздық, тоқтаусыз жылау, зәрдің дұрыс болмауы, әлсіздік.

Серіктес жаңалықтары