310
Әлемдегі ең табысты футболшылардың бірі лаңкестерге қолдау көрсеткен
Әлемдегі ең табысты футболшылардың бірі лаңкестерге қолдау көрсеткен
Мысырдың белді футболшысы болған Мұхаммед Абутрика лаңкестер тізіміне енді. Бұл туралы шетелдік БАҚ-қа сілтеме жасап «24 арна» хабарлады.
Биліктің пайымдауынша, спортшы елде қызметіне тыйым салынған «Мұсылман бауырлар» лаңкестік ұйымына қаржылай көмек көрсеткен. Футболшының өзі мұның бәрін жоққа шығарып отыр. Оның қорғаушысы сот шешіміне шағым түсіретінін жеткізді.
2015 жылы қабылданған заңға сәйкес, есімі лаңкестер тізіміне енген азаматтарға саяхат жасауға тыйым салынады. Сондай-ақ төлқұжаты мен активтері тәркіленеді.
Айта кетейік, кезінде Африканың ең табысты футболшысы болған Мұхаммед Абутрика 2013 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын.