188
Олланд: Еуропалық одақ әлдекімнің кеңесіне мұқтаж емес
Олланд: Еуропалық одақ әлдекімнің кеңесіне мұқтаж емес
Франция президенті Франсуа Олланд АҚШ-тың болашақ президенті Дональд Трамптың Еуропалық Одақты сынағанына қарсы жауап берді.
"Еуропа трансатлантикалық әріптестігін жалғастыра береді, бірақ ол өз мүддесі мен құндылықтарына сүйенеді", - деді Олланд. "Еуропалық Одаққа әлдекімнің кеңесі қажет емес".
15 қаңтарда Трамп еуропалық London's Times және Bild басылымдарына сұхбат беріп, Британияның Еуропалық одақтан шығуын қолдайтынын және евроблок босқындарға қатысты либералдық саясатын жалғастыра беретін болса, басқа да елдер ұйымнан шығып кетуі мүмкін екендігін айтқан. Трамп Германия канцлері Ангела Меркельді көптеген босқындарды қабылдағаны үшін сынға алды.
АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Джон Керри бұл мәлімдемелерді "орынсыз" деп атады.
Трамптың инаугурациясы 20 қаңтарда өтеді.