Рекордтық көрсеткіш: ШҚО-да қардың қалыңдығы жарты метрден асты (ВИДЕО)

Рекордтық көрсеткіш: ШҚО-да қардың қалыңдығы жарты метрден асты (ВИДЕО)

Рекордтық көрсеткіш: ШҚО-да қардың қалыңдығы жарты метрден асты (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50360
Шығыс Қазақстан облысында бір күнде жауған қардың қалыңдығы жарты метрден асты деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Шығыс Қазақстанда 13 желтоқсанда күні бойы толассыз қар жауды. Оның ішінде Өскеменде де таңертең басталған қар түн ортасына дейін жауған. Қалада көліктер аулаларынан шыға алмай, автобустар кестеден кешікті. Жауған қар қалыңдығы жарты метрден асқан. «Қазгидромет» РМК Шығыс Қазақстан облысы филиалының директоры Ляззат Болатханқызының айтуынша, ең қалың қар Марқакөл қорығы маңында түскен – 75 сантиметр. Күршім ауданына қарасты Боран ауылында 56, Теректіде 49 сантиметрге жеткен. Самар ауданына қарасты ауылдарда – 34-40 сантиметр аралығында. Алтай қаласында 56, Катонқарағай ауданындағы Үлкен Нарын ауылында 40 сантиметр жауған.
«Өскеменде коммуналдық қызметтер тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеді. Таңертең қаладағы барлық тасжол ашық болды. Қарды тазалауға 86 арнайы техника мен 185 жұмысшы жұмылдырылған», - дейді қала әкімінің орынбасары Денис Федченко.
https://www.youtube.com/watch?v=X7N_B95XkKM

Серіктес жаңалықтары