Қытай Украина дағдарысын реттеу процесіне қатысуға дайын

Қытай Украина дағдарысын реттеу процесіне қатысуға дайын

Қытай Украина дағдарысын реттеу процесіне қатысуға дайын
ашық дереккөзі
391
Қытай Украинадағы дағдарысты саяси жолмен реттеуде конструктивті рөл атқаруға дайын деп мәлімдеді Қытай президенті Си Цзиньпин Давоста өтіп жатқан дүниежүзілік экономикалық форумда Украина президенті Петр Порошенкоға үндеуінде.
Пекин Киевке көмек көрсету туралы мұндай алғашқы ұсынысын Ресеймен қарым-қатынасты дұрыстағысы келетін Дональд Трамп президент ететін кезеңде АҚШ-тың Украина дағдарысын реттеуге қатысуы азаюы ықтимал тұста айтып отыр. Қытай бұған дейін Ресей Қырымды аннексиялап алып, Украина шығысындағы сепаратистерді қолдағаннан соң туындаған дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге қатысуға аса мүдделілік танытпаған. Пекин бұған дейін көптеген халықаралық мәселелер бойынша одақтасы Ресей мен Батыс елдері арасындағы Украинаның болашағы туралы мәселеге қатысты шиеленісте көбіне сырт қалып, Мәскеумен ара қатынасын салқындатып алудан сақтана білген. Қытай билігі Украина дағдарысына қатысты бейтарап саясат ұстанып келді. Пекин Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін құрметтейтінін мәлімдеп, Батыс елдерін Ресейдің қауіпсіздік саласындағы алаңдаушылығын "заңды" деп, оны ескеруге шақырған.

Серіктес жаңалықтары