50273
Қазақстанда 19 шетелдік компания жұмысын бастады
Қазақстанда 19 шетелдік компания жұмысын бастады
Үкіметтің кеңейтілген отырысында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанға шетелдік капитал тарту жөніндегі жұмыс туралы баяндады деп хабарлады Turkystan.kz.
Алдағы 7 жылда кемінде $150 млрд тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Мәселен, I жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, $14,5 млрд тікелей инвестиция тартылды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 28%-ға артық.
Сондай-ақ Премьер-министр Қазақстанға бірқатар шетелдік кәсіпорынды көшіру бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бүгінгі таңда 19 компания көшірілді, ал басқалары бойынша бұл мәселе пысықталуда.