«Мектепте бәрі жылап жүр. Алғашқы әскери дайындық мұғалімі мектепке биыл ғана келген, үйленбеген жас жігіт еді. Обал болды. Психологтың артында 5 баласы қалды», - дейді жергілікті тұрғын.Осы факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша бірқатар сараптама тағайындалды. ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді.
Бір мектептің 3 қызметкері қаза болды: тың мәлімет шықты

Бір мектептің 3 қызметкері қаза болды: тың мәлімет шықты
Абай облысына қарасты Үржар ауданындағы Жанай орта мектебінің 3 қызметкері жол апатынан қаза тапты деп хабарлады turkystan.kz qaz365.kz сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 9-желтоқсанда сағат 14:45-те «Таскескен-Бақты» тасжолында болған. 29 жастағы Toyota Carina E маркалы көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы бетте келе жатқан жүк көлігімен соқтығысқан. Жол көлік оқиғасы салдарынан 3 адам қаза тапты.
Кейін белгілі болғандай, бұл Жанай орта мектебінің психологы, алғашқы әскери дайындық мұғалімі және шаруашылық мергерушісі болып шықты.