Марс ғаламшарынан су табылды
Марс ғаламшарынан су табылды
Марсқа қондырылған Curiosity аппаратының көмегімен топырақ қыртысын зерттей келе, Қызыл ғаламшарда судың барын анықталды, деп хабарлайды Bnews.kz. Ғалымдар ондағы топырақтың құрамында хлорқышқылды кальцидің барына көз жеткізді. Қараңғы түскен уақытта планетаның бетінде бу пайда болып, қырауға айналады. Алайда, хлорқышқылды кальций сумен бірігіп тұз ерітіндісін түзеді, сөйтіп, су қатпай, алғашқы күйін сақтайды. Ғалымдардың айтуынша, 4,5 млрд жыл бұрын Марстағы атмосфераның тығыздығы мен су мөлшері қазіргіден 6 есе көп болған. Кейіннен Марста атмосферан қорғайтын магниттік өрістер жоғалып, ондағы су ғарышқа тараған. Дегенмен, Марста су бар болғанымен, температураның суықтығынан және құрғақтығынан онда жанды тіршілік иесі жоқ. Сонымен қатар, ғарыш радиациясы бүкіл тіршілік иесін өлтіреді, дейді ғалымдар. 2015 жылы зерттеушілер тобы Марстағы қалың топырақ қабатының астындағы мұздықтарда 150 млрд куб метрден астам мұз бар екенін хабарлаған еді. Бұдан бөлек, НАСА зерттеушілері бірнеше ғасыр бұрын Марстың солтүстік жартысын мұхит алып жатқанын айтады.