395
Еуропарламенттің жаңа президенті
Еуропарламенттің жаңа президенті
Еуропалық халық партиясы фракциясының өкілі италиялық Антонио Таяни Еуропалық парламенттің (ЕП) президенті болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Антонио Таянидің кандидатурасын парламентарийлер Страсбургте өткен ЕП сессиясының төртінші кезеңінде ғана басым дауыспен қолдады. Ол Еуропарламентті алдағы 2,5 жыл бойы басқаратын болады.
Айта кетейік, алда өткен дауыс берудің үш кезеңінде алты кандидаттың ешбірі қажетті дауысты жинай алмады. Осы себепті жеңімпаз төртінші кезең барысында анықталды. Оған өзгелермен салыстырғанда анағұрлым көп дауыс жинаған екі депутат қана өтті.