Даниал Ахметов құрылыс компанияларын лицензияларынан айырмақ

Даниал Ахметов құрылыс компанияларын лицензияларынан айырмақ

Даниал Ахметов құрылыс компанияларын лицензияларынан айырмақ
ашық дереккөзі
230

Шығыс Қазақстан облысында жүзден аса құрылыс компаниялары лицензиясынан айырылуы мүмкін деп хабарлайды Астана арнасы. «Қара тізімге» енген компаниялардың ішінде нысандарды уақытылы тапсырмағандар да, құрылыста ережелерді өрескел бұзғандар да бар. Өз ісіне салғырт қараған шенеуніктер де жазалануы ықтимал. Өңір басшысы Даниал Ахметов өткен аптада тұралап қалған құрылысты аралап, осындай олқылықтарды тапты. «Кім бізде техникалық бақылауға жауапты? Нысан пайдалануға берілмеген, техникалық және технологиялық өрескел қателіктер бар. Техникалық бақылау сауатсыз жүргізілген.

Сондықтан құрылыс компанияларынан лицензияны кері қайтару мәселесін көтеріңіздер», - ШҚО әкімі Даниал Ахметов. Кейбір мекемелерде су айдағыш мұнаралар құлауға шақ тұрған көрінеді. Жан-жақтан темір арқанмен тартылғанымен, ондай ғимараттарды құрылысшылар болашақта бәрібір бұзу керек дейді. Алдағы уақытта аймақ басшысы қара тізімге енген құрылыс компаниялармен ауқымды жиын өткізбек. Облыс бойынша сапасыз құрылыс жасаған 118 компания бар болып шықты. Олардың барлығы болашақта лицензиясынан айырылуы ықтимал. Ал, жылдар бойы құрылысы аяқталмай тұрған мекемелерді салған мердігерлер ісімен прокуратура айналыспақ.

Серіктес жаңалықтары