Тіркеуді тексеру кезінде Алматыда 33 қылмыскер, 16 қарақшы ұсталды

Тіркеуді тексеру кезінде Алматыда 33 қылмыскер, 16 қарақшы ұсталды

Тіркеуді тексеру кезінде Алматыда 33 қылмыскер, 16 қарақшы  ұсталды
ашық дереккөзі
355

Алматы қалалық ІІД  Универсиада қарсаңында қалада жіті тексеріс жұмыстарын жүргізуде. Аталған шара кезінде іздеуде жүрген 33 қылмыскер мен 16 ұрлықшы ұсталды. Бұл туралы  Алматы арнасы хабарлады.

Полицейлер қаладағы пәтерлер мен үйлерді тексеру кезінде өзгенің мүлкін жымқырып, оңай олжаға батып жүрген 16 қарақшыны анықтаған. Олар – Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік, Шығыс және Жамбыл облыстарының азаматтары.Сұғанақтар қалаға 2-3 күнге келіп, пәтер жалдап арам пиғылдарын жүзеге асырады екен. Ал қоржындарын қампайтқасын қаладан шығып, тынышталғанда қайта келіп баяғы әрекеттеріне кірісіп отырған.

Сондай-ақ, 50 шақты іздеуде жүрген азамат табылған. Оның 33-і қылмыскер болса, қалғаны бұрын соңды із-түссіз жоғалып кеткендер.

Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Салтанат Әзірбектің айтуынша, есепте тұратын азаматтар бірінші кезекте тексерілген. «10 мыңнан аса есепте тұрғандар, бұрын соңды сотталған азаматтар. Ішкілікке немесе  нашақорлыққа салынған азаматтар тексерілді. Шетел азаматтарымен де құқық бұзушылықтар анықталған болатын. 1548 көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтары анықталып, оның 680-і уақытша айықтырғышқа қамалса, тағы да 172-сі соттың шешімімен елден шеттетілген болатын», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары