50393
Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді
Нұрсұлтан Назарбаев Президент сайлауында дауыс берді

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кезектен тыс президент сайлауында дауыс берді деп хабарлады turkystan.kz.
Назарбаев Астана операдағы №393 сайлау учаскесіне келді.
Қазақстандықтар 20 қарашада жергілікті уақыт бойынша таңғы 07.00-ден бастап кешкі 20.00-ге дейін дауыс бере алады.
Қазақстан бойынша сайлау учаскелерінің жалпы саны – 10 101. Республика бойынша 86 учаске сағат 06.00-де ашылады.
Шетелдегі қазақстандықтар үшін 53 елде 68 сайлау учаскесі жұмыс істейді.
Сайлаушылардың жалпы саны – 11 950 485 адам.
20 қараша сағат 10.00-дегі жағдай бойынша республиканың 2 792 962 азаматы бюллетень алды.