15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды

15 жастағы қазақстандық джиу-джитсудан 6 дүркін әлем чемпионы атанды
ашық дереккөзі
50331
Әбу-Дабиде өтіп жатқан әлем чемпионатында 15 жастағы қазақстандық Жібек Құлымбетова тағы бір «алтын» жеңіп алып, джиу-джитсудан алты дүркін әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. Қызылкүрең белбеу иегері 48 келіге дейінгі салмақта белдесті. Ол 16-17 жас аралығындағы спортшылармен сынға түсті. Abu Dhabi World Jiu-Jitsu Championship деп аталатын чемпионат белбеу жүйесі бойынша өтті. Финалда Жібек БАӘ-нің жергілікті спортшысымен күш сынасып, ұпай санымен жеңіске жетті. Чемпионның айтуынша, ол араб қаласында 20 күн болған. Осы уақытта дейін жергілікті клубтардың бірінде жаттыққан Жібек осы команданың спортшыларына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ол жаттықтырушы Нұрсұлтан Орынбасаровтың ерекше еңбегін атап өтті. Жібек Құлымбетова
«Нұрсұлтан аға мені джиу-джитсуға ғашық етіп, әлем чемпионы етті. Оған өте ризамын. Сондай-ақ мені қолдаған барша жұртқа алғыс айтамын», - деді чемпион қыз.
Бірер күн бұрын Әбу-Дабиде Ju-Jitsu World Championship Abu Dhabi 2022 чемпионаты өтіп, онда Жібек Құлымбетова бес дүркін әлем чемпионы атанды. Жарыс «не-ваза» тәртібі бойынша өтті. [caption id="attachment_204501" align="alignnone" width="1221"]Жібек Құлымбетова фото: inform.kz[/caption]  width= Жібек Құлымбетова – Алматы облысынан Сағадат Нұрмағамбетов атындағы «Сағадат батыр – QTT» спорт клубының тәрбиеленушісі. Сондай-ақ грэпплингтен әлем чемпионы, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері, көптеген халықаралық және республикалық жарыстардың жеңімпазы, жүлдегері. Қазан айының басында ол Әбу-Дабиде өткен ең ірі AJP Tour Asia Continental PRO - GI турнирінде жеңіске жетті. Чемпионатта С.Нұрмағамбетов атындағы клубтың басқа спортшылары да өнер көрсетіп, 25 алтын, 15 күміс және 5 қола медаль жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары