50257
Қазақстанда вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды
Қазақстанда вирусты инфекцияның бірнеше түрі анықталды

Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова адам көп жерде бетпердені 3 сағат сайын алмастыру керек екенін айтты деп хабарлады turkystan.kz.
Тұмаудан басқа, елімізде өзге де вирусты инфекциялар анықталды. Олар: риновирусты, ресвирусты, аденовирусты, бокавирусты, метапневмовирусты және парагрипп. Республикамызда жіті респираторлық вирусты инфекция және тұмаумен сырқаттанудың артуын, коронавирус инфекциясы бойынша жағдайдың тұрақты екендігін ескертті, - деді ол.Сондай-ақ вице-министр халықтың көп жиналуын болдырмау үшін барынша кең бөлмелерді пайдалану қажет екенін еске салды.
Бөлмелерді желдету жүйесі үзіліссіз жұмыс істеуі керек. Ал жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда іс-шараларды өткізу алдында бөлме ауасын тазарту қажет, - деді А. Есмағамбетова.