4 жасында 1000 кітап оқыған қызға әлем назары ауды
4 жасында 1000 кітап оқыған қызға әлем назары ауды
Небәрі 4 жасында 1000 кітап оқыған Делайл Мари Арани есімді америкалық қыз жұртты таңғалдырды деп хабарлайды Newsyou.info порталы.
Бүлдіршін алғашқы кітабын екі жарым жасында оқыған. Үлкен ағалары мен әпкелерінің дауыстап оқығанын естіп өскен ол кішкентайынан кітапқа құмар болған.Кішкентай қыздарының оқуға ынтасын көрген ата-анасы мектепке дейінгі білім беру орталықтарының тәрбилеушілермен бірге Делайлдың қанша кітап оқитынын бақылау үшін "Балабақшаға 1000 кітап" бағдарламасын іске асыруды жоспарлайды. Нәтижесінде, бүлдіршін бір жылда мың кітапты оқып бітірген. Сонымен қатар, балабақшаға келер жылы күзде баратынын ескере отырып, ол тағы 500 кітап оқуды көздеп отыр.
Ең таңғаларлығы, 4 жастағы Арани 10 және 12 жастағы бауырларының әкелген кітаптарын еш қиындықсыз оқи береді екен. Сондай-ақ, ол колледждің деңгейіндегі оқулықтармен де таныса алады.
Кішкентай қыздың алғырлығына таңғалған Конгресс кітапханасының директоры Карла Хейденнің Делайлды әлемдегі ең үлкен кітапханалардың біріне шақырып, басшылықтың жиналысына қатыстырған көрінеді.