Қазақстандық университеттерді аккредиттеудің бірыңғай стандарты енгізілмек

Қазақстандық университеттерді аккредиттеудің бірыңғай стандарты енгізілмек

Қазақстандық университеттерді аккредиттеудің бірыңғай стандарты енгізілмек
ашық дереккөзі
50224
Қазақстанда жоғары оқу орындарын аккредиттеудің бірыңғай стандартын әзірлеу жоспарлануда. Мұны БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингіде Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Қазір сапаны қамтамасыз ететін жүйені енгізу маңызды. Осыған байланысты бүгінгі таңда «таза парақтан» жобасы аясында жоғары білім беру саласындағы 67 нормативтік-құқықтық актілерді қайта қарау жұмыстары жүргізілуде. Білім беру бағдарламаларының тізімін, аккредиттеу органдарының, аккредиттелген университеттердің және білім беру бағдарламаларының тізімдері мен рейтингілік көрсеткіштерді біріктіру жоспарлануда. Енді жоғары білім сапасын қамтамасыз ету бойынша нұсқаулықты, оның ішінде, жоғары оқу орындарын аккредиттеудің бірыңғай стандартын әзірлеу жоспарлануда. Білім беру бағдарламаларының сапасын анықтайтын құралы ретінде «Атамекен» ҰКП рейтингісі қолданылады. Осы айдың соңында нәтижелер шығады. Рейтинг университеттердің әлеуетін және олардың бәсекеге қабілеттілігін объективті тұрғыдан қарауға мүмкіндік береді», - деді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары