Нижат Рахимов әлемнің үздік ауыр атлеті атағына ұсынылды

Нижат Рахимов әлемнің үздік ауыр атлеті атағына ұсынылды

Нижат Рахимов әлемнің үздік ауыр атлеті атағына ұсынылды
ашық дереккөзі
223
Қазақстандық Нижат Рахимов 2016 жылғы әлемнің үздік ауыр атлеті атағына ұсынылды. Бұл туралы vesti.kz хабарлады. Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) табыстайтын сыйлыққа жеті зілтемірші үміткер атанып отыр. Өткен жазда оның бәрі Рио Олимпиадасында топ жарған. Олар: колумбиялық Оскар Фигероа (62 кг дейін), қытайлық Лун Цинцюань (56 кг дейін), ирандық Киран Ростами (85 кг дейін), өзбекстандық Руслан Нурутдинов (105 кг дейін) және грузиялық Лаша Талахадзе (105 кг жоғары). Дауыс беру аталған федерацияның ресми сайтында 31 қаңтарға дейін жүргізіледі. Олимпиадада 77 кило салмақта Нижат Рахимов жұлқа көтеруден әлемдік рекорд орнатқан. Екі жаттығудың қорытындысында ол 379 килоны (165+214) көтерді. Айта кетейік, 23 жастағы спортшы Баку қаласында туған. 2013 жылдың жазына дейін Әзербайжан құрамасында зілтемір көтерген. Алайда, допинг дауына байланысты екі жылдық дисквалификация алып, өз құрамасынан кетуге мәжбүр болды. Ал 2014 жылдың тамыз айында Қазақстан азаматтығын алып, 2015 жылдан бастап жарыстарға қатыса бастады. Дәл осы жылы әлем чемпионы атанып үлгерді. Өңірлік деңгейде Атырау облысының атынан қатысады.

Серіктес жаңалықтары