Былтыр 10 мың салықтық тексеру жүргізілген

Былтыр 10 мың салықтық тексеру жүргізілген

Былтыр 10 мың салықтық тексеру жүргізілген
ашық дереккөзі
365
2016 жылы бақылау іс-шаралары бойынша 10 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл салықтарды түгел есептеуге мүмкiндiк бередi. Бұл туралы Мәжiлiсте өткен үкiмет сағатында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов айтты. «Бұдан басқа, кәсіпорындардың жабылу кезіндегі тексерулерін жүргізу барысында аутсорсинг тетігі енгізілді. Оның нәтижесінде тарату рәсімі жеңілдеді, тексеру саны мен жүргізу мерзімі қысқарды. Сондай-ақ, салық төлеушілерге айыппұл қолданбастан, қателіктерді дербес жою мүмкіндігі берілді», - дедi ол. Министрдің айтуынша, 2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары асыра орындалып, 6 трлн 198 млрд теңгенi құраған. «2016 жылы мемлекеттік бюджетке түскен түсімдер жоспары 108,4%-ті құрады немесе 5 719,7 млрд теңге жоспарында, іс жүзінде 6 198,1 млрд теңге түсіп, 478,4 млрд теңге асыра орындалды», - деп баяндады Бақыт Сұлтанов. Республикалық бюджет жоспары 370,9 млрд теңгеге, жергiлiктi бюджеттер 107,5 млрд теңгеге асыра орындалған. «Түсімдер бойынша болжамды мақсатқа қол жеткізу бұл салықтық және кедендік әкімшілендіруді жақсарту бойынша қабылдаған шаралар нәтижесі. Қажетті бақылау деңгейі мен міндеттемелерді ерікті түрде орындау үшін бизнеске қолайлы жағдай жасау арасындағы балансты қамтамасыз ету маңызды болып табылады», - дедi министр.  

Серіктес жаңалықтары