Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігіне барды

Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігіне барды

Назарбаев  Біріккен Араб Әмірлігіне барды
ашық дереккөзі
178
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күні БАӘ-нің ірі бизнес өкілдерімен кездесумен аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.   Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев экономика саласындағы екіжақты Қазақстан-Араб қарым-қатынастарынан бөлек Астанада Сирия бойынша конференция өткізу келешегі жайында да айтып берді. «Бұл (Сирия жанжалын реттеудің Астана процессі - автор) өтуі мүмкін және ол біздің осы өңірдегі бейбітшілікті дамытуға қосқан үлесіміз болады. Мен Иран президенті мен Сауд Арабиясы королімен олардың қарым-қатынастарын жақсарту үшін арнайы келіссөздер жүргіздім. Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды.  Сондықтан ислам елдерінің, мұсылман мемлекеттерінің бірлігі, бұл елдердің ғылыми-техникалық прогреске, инвестицияға, инновацияға жұмыс істейтін исламға бейім мемлекеттерге бағдарлануы - бұл біздің жолымыз. Бір кездері ислам әлемі ғылым мен техникада бүкіл ғаламшарды басқарған еді. Біз прогреске, ғылым мен болашаққа бағдарлануымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Кездесу соңында БАӘ-ның іскерлік орта өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке кездесу мүмкіндігін бергені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.  

Серіктес жаңалықтары