ЕАЭО аясында сүт өнімдерінің бағасы 30% төмендейді

ЕАЭО аясында сүт өнімдерінің бағасы 30% төмендейді

ЕАЭО аясында сүт өнімдерінің бағасы 30% төмендейді
ашық дереккөзі
244

Қазақстандағы сүт өнімдерін өндірушілер сүт бағасы 30%-ға төмендейді деген болжам жасайды. Бұған Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруі себеп болады деп хабарлайды Raimbek Agro бас директоры Виталий Борков.

«Менің ойымша, баға 30%-ға түсуі мүмкін», — дейді В.Борков. Ол бұған Қырғызстанның ЕАЭО-ға кіруі себеп болатындығын атап өтті. «Қырғызстанмен шекараны ашқаннан кейін мұнда қабылданатын сүт автоматты түрде арзандайды. Әр апта сайын 5 теңгеге төмендеп отырады. Яғни жергілікті бағаны қырғызстандыққа сәйкес реттеу қажет», — деп түсіндірді В.Борков. Осыған дейін сүт өндірісімен айналысатын Қазақстан фермерлері құрғақ арзан сүттің жаппай келуі мен ресей рублінің төмендеуіне байланысты нарықтағы отандық өнімдердің сатылуындағы қиындықтар туралы мәлімдеген еді. Raimbek Agro компаниясы Raimbek Group холдингінің құрамына кіреді. 2001 жылдан бері Қазақстандағы ультрапастерленген сүт өндірудегі ірі көшбасшы болып табылады.

Серіктес жаңалықтары