Универсиада жанкүйерлерін қай спорт түрлері ерекше қызықтыруда?

Универсиада жанкүйерлерін қай спорт түрлері ерекше қызықтыруда?

Универсиада жанкүйерлерін қай спорт түрлері ерекше қызықтыруда?
ашық дереккөзі
639

Универсиадаға дайындық және оны өткізу дирекциясының өкілдері жарысқа билеттердің қалай сатылып жатқаны туралы хабарлады. Универсиаданың ресми сайтында жарияланған мәліметке сүйенсек,  2017 жылғы 13 қаңтарда сатылған билеттер саны 71 220-ны құраған.

Қазақстандық көрермендер мен қонақтар арасында көш бастаған үштікке ерлер арасындаға хоккей жарысы, шорт-трек, мәнерлеп сырғанау спорт түрлері кіреді. Бүгінде ерлер арасындағы шайбалы хоккей бойынша жартылай финал мен финалға 80 пайыздан астам билеттер сатылып кеткен.

«Плэй офф» пен топтық матчтарға да билеттер белсенді сатылуда. Статистика жанкүйерлер ерлер мен әйелдердің мәнерлеп сырғанау жарысына билеттің 60 пайыздан астамы сатылғанын көрсетті. Дирекция өкілдерінің мәліметтерінше, көрермендер шорт-трек жарысына үлкен қызығушылық танытуда, оған билеттің 70 пайызы сатылып кеткен.

«Бұл мультиспорттық жобаға билет сатудың өзі - қызықты іс, елде алғаш рет нақты уақыт режімінде бірыңғай билет жүйесінде 8 нысанда өтетін 117 жарысқа билет сатылуда. Бірыңғай базаға қолжетімділікпен бір уақытта онлайн, касса арқылы сатумен және жүлде ұтысымен, сондай-ақ билет нөмірі арқылы финалда екі бөлмелі пәтер ұту мүмкіндігімен бірден алты оператор жұмыс істеп жатыр», - деп атап өтті жарыстың департамент басшысы Вадим Дергачев.

Серіктес жаңалықтары