Есірткі сақтағаны үшін анасы мен қызы 10 жылға сотталды

Есірткі сақтағаны үшін анасы мен қызы 10 жылға сотталды

Есірткі сақтағаны үшін анасы мен қызы 10 жылға сотталды
ашық дереккөзі
222

Екібастұздың әйел мен оның қызы есірткі сақтағаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодар облыстық қылмыстық істер жөніндегі арнайы мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 1955 жылы туған К.Р атты азаматша мен оның 28 жасар қызы ҚР ҚК-нің 297-бабы, 3-бөлімінде қарастырылған қылмыс бойынша кінәлі деп табылды.

Сот оларды 10 жылға бас бостандығынан айыру жөнінде жаза тағайындады. Енді қылмыскерлердің мүлкі тәркіленіп, олар жазасын жалпы тәртіптегі колонияда өткізетін болады. Сот өкілдері сотталған азаматшаның нәрестесінің бар екендігін ескере келіп, 1988 жылы туған азаматшаға қатысты жазаны 5 жылға кейінге шегеру жөнінде шешім қабылдады. Үкім әлі күшіне енген жоқ.

Облысьық соттың баспасөз қызметінің дерегінше, өткен жылы Екібастұз тұрғыны жеке тұрғын үйінің аймағында есірткі сақтап келген. Ондағы мақсат- болашақта сол есірткіні саудалау болған. 2016 жылы оларды тәртіп сақшылары құрықтады. Тексеру барысында жеке тұрғын үйдің аймағынан ірі көлемде гашиш табылып, тәркіленді.

Серіктес жаңалықтары