214
Бішкек маңына құлаған ұшақтың 16 жолаушысы қаза тапты
Бішкек маңына құлаған ұшақтың 16 жолаушысы қаза тапты
Бүгін, 16-шы қаңтарда таңы сағат 7:20-да Бішкек әуежайында Боинг-744 жүк ұшағы апатқа ұшырады деп хабарлайды k-news.kg.
Ұшақ бортындағы экипаж мүшелерінің нақты санын әзірге белгісіз. Төтенше жағдайға байланысты "Манас" әуежайын жауып тастады деп хабарлайды Zanoza. Түрік әуекомпаниясының жүк ұшағы Гонконгтан келе жатып, ауа райының қолайсыздығы салдарынан апатқа ұшыраған. Қазіргі таңда отқа оранған ұшақты сөндіру жұмыстары жүргізілуде.
Қаза тапқандармен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Әзірге ұшақ апатынан 16 адамның мерт болғаны хабарланды. Reuters агенттігінің жазуына қарағанда, жүк әуе лайнері құлаған аймақта жергілікті тұрғындардан 9 адам мен 6 бала, сондай-ақ ұшқыш көз жұмған. Қазіргі уақытта зардап шеккен 6 адамға көмек көрсетілуде.