77-дегі қария тұрмысқа шықты

77-дегі қария тұрмысқа шықты

77-дегі қария тұрмысқа шықты
ашық дереккөзі
171

Жасы сексенге тақап, егде тартқанына қарамастан алматылық кейуана отбасын құрған. Қартайған шақта теңін тапқан ардагер тұрмысқа шығуына не себеп болғанын айтып берді деп хабарлайды "Алматы" арнасы.

Бүгінде Алматыдағы ардагерлер үйінде отау құрған алты отбасы бар. Қартайғанда қараусыз қалып, мемлекеттің қамқорлығына келген жерінен жартысын тауып, жанұя құрмақ болған жандар әлеуметтік орталықта әлі де көп.

Кәрілік келген уақытта шаңырақ құрған жанның бірі - Күлбаран әжей. Жасы 77-ге келген әжейдің жесір қалғанына 20 жылдан асыпты. Өз құрсағынан ұрпақ сүю бақыты бұйырмаса да, өзгенің бір ұл, екі қызын асырап, адам қылған.Бірақ бертін балалары бетімен кетіп, бағусыз қалған қарт осындағы орталықтан пана тапқан. Қазақтың ою-өрнегінен сан түрлі бұйым жасайтын қамкөңіл жан осы орталықтағы ақсақалмен жуырда қайта шаңырақ көтерген. «Бала шағам жоқ. Балам болса келем бе осында? Қызым болса, сен сияқты ұлым болса, нем бар?! Үйде сол бала-шағамның шәйін қайнатып отырмаймын ба? Шалым бар. Айтып отырмын ғой, шәйді беріп-беріп, осындағы қаланың бір ең жақсы шалын иемденіп алдым» - деді Күлбаран Шәкенова. Орталық ішінен оңаша отау тігіп, қартайғанда қауқылдасып, қалған ғұмырын бірге өткізбек болған бұндай қариялардың алты отбасы бар осында. Жанұя құрмақ ниетпен жүрген жандар әлі де аз емес дейді осындағы күтушілер. «Бәрі өмір ғой. Жалғыз отырғанша екі адам сөйлескен жақсы ғой. Бір- бірімізбен әнгімелесіп. Қоқайып отырғаннан екі адам бір-бірін тапқан жақсы деп ойлаймын», - деді Мұқаш Садықов. Ардагерлер үйі қазір әлеуметтік қызмет көрсеу орталығы болып өзгертілген. Қазір бұл жерде қамқорлыққа алынған 290 адам өмір сүріп жатыр. Тағдырдың түрлі тауқыметін тартып, орталықтан пана тапқан тұрғындарының тұрмысы демалыс орнынан еш кем емес. Төрт уақыт тамақ, интернет қосылған кітапхана, жаттығу залы, серуендеп, демалатын үш бірдей қысқы бақ бар. Қамқорлыққа алынған адамдардың күтімін 150-ге жуық қызметкер жасайды.    

Серіктес жаңалықтары