Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Көпен Әмірбектің отбасына көңіл айтты
ашық дереккөзі
50504
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев көрнекті публицист, белгілі сатирик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Көпен Әмірбектің дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап.
«Көпен Әмірбекұлы бірқатар республикалық басылымдарда ұзақ жылдар бойы жемісті жұмыс істеді. Ұлттық сатира жанрының дамуына өлшеусіз үлес қосты. Соңына әдеби мол мұра қалдырған Көпен Әмірбекұлының есімі ұмытылмайды. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын», – деп жазылған жеделхатта.
Еске салсақ, бүгін белгілі сатирик, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Көпен Әмірбек 72 жасында дүниеден озды.

Серіктес жаңалықтары