Қазақстанда қыс басталғандықтан, жүргізушілер заңнамаға сәйкес көлігінің дөңгелегін ауыстыруға тиіс деп хабарлады turkystan.kz Naryk.kz сайтына сілтеме жасап. Мәлімет бойынша, Қазақстанда автокөліктерге арналған жаңа дөңгелектің орташа құны – 25%, пайдаланылған дөңгелектер құны 10% қымбаттады. Ал дөңгелек ауыстыру бағасы 12%-ға, қызметке сұраныс 50%-ға өсті. Ескі дөңгелектердің орташа бағасы оларды ауыстыру маусымында 45 000 теңге болса, жаңалары 80 000 теңгеден сатылып жатыр. Зерттеуде күзгі-қысқы маусымда дөңгелек ауыстыру қызметінің орташа құны аймаққа байланысты 2 500-ден 6 000 теңгеге дейін болатыны айтылған. Алматылықтар – 6 000 теңге, ең арзаны – Тараз бен Қызылорданың әрқайсысы 2 500 теңгеден төлейді. Жалпы, дөңгелек ауыстырудың бағасы бір жылда 12 пайызға қымбаттады.
Жүктелуде...