50354
Әли әйгілі футболшы Пирломен кездесіп, футбол ойнады (ВИДЕО)
Әли әйгілі футболшы Пирломен кездесіп, футбол ойнады (ВИДЕО)

Аяқсыз туған қазақстандық Әли Тұрғанбеков әйгілі италиялық футболшы, түркиялық «Фатих Карагюмрюк» футбол клубының жаттықтырушысы Андреа Пирломен кездесіп, бірге футбол ойнады деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Мен челленджді @andreapirlo21-мен жалғастырып отырмын. Міне, мен ойын алаңында тағы бір жұлдызбен біргемін. Андреа Пирло – әйгілі футболшы, 2006 жылғы әлем чемпионы, «Ювентус» клубының бұрынғы жаттықтырушысы. Керемет эмоция мен әсер алдым. Өте ашық, қарапайым Андреа Пирло кездескеніңіз үшін үлкен рақмет!!! Кездесуді ұйымдастыруға көмектескен @sf.qaz және @nnnurdaylet» деп жазды Әли.Отандасымыз өзінің футболдағы сүйікті әдістерін көрсетті. Андреа Пирло Әлидің жейдесіне өз қолтаңбасын қалдырып, суретке түсті. Ал Әли атақты футболшыға қазақстандық шоколадтар жиынтығын сыйлады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram