Алматыда автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендер саны артты

Алматыда автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендер саны артты

Алматыда автобустардың соқтығысуынан зардап шеккендер саны артты
ашық дереккөзі
50278
Алматыда екі автобустың соқтығысуынан зардап шеккендер саны 21 адамға жетті, олардың арасында 1 бала бар. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті деп хабарлады turkystan.kz.
«8 қараша күні түскі сағат 13:59-да жедел жәрдем қызметіне Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылы қиылысында 2 автобустың соқтығысқаны туралы хабар түсті. Оқиға орнына 9 жедел жәрдем машинасы жетті. 21 адам медициналық көмекке жүгінді», - делінген мәліметте.
№4 қалалық клиникалық ауруханаға жедел жәрдеммен 6 зардап шегуші жеткізілді, олардың барлығы ауруханаға жатқызылды. Орталық қалалық клиникалық ауруханаға 7 адам жеткізілді, көрсетілген медициналық көмектен кейін науқастар тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емдеуге жіберілді. Жедел жәрдем ауруханасына 7 адам түсті. Олардың екеуі емдеу мекемесіне жатқызылды, бесеуі амбулаторлық емге жіберілді. Жалпы, қазір әртүрлі ауруханаларға 9 адам жатқызылды, барлығының жағдайы орташа, тұрақты. 2013 жылы туған бала Балалар жедел медициналық жәрдем орталығына жабық бас сүйек-ми жарақаты, мидың шайқалуы, маңдай аймағы мен мұрын жарақатымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды. Бір адам жедел жәрдем келгенше көз жұмды. Еске салсақ, бүгін Алматыда Төле би - Абылай хан көшелерінің қиылысында екі автобус соқтығысып, 1 адамның көз жұмғаны және 17 зардап шеккен туралы хабарлаған болатынбыз. Аталған дерек бойынша Полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тергеу жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары